Мәзір
Бокс

Махмұд Сабырхан жанкүйерлерге үндеу жасады

Сабина Асқарқызы 111 қаралым
Махмұд Сабырхан жанкүйерлерге үндеу жасады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желіде қазақстандықтарға әсерлі үндеу жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортшы 2025 жылды отбасы мен ел спорты үшін ерекше маңызды деп бағалап, інісі Төрехан Сабырханмен бірге әлем чемпионатында топ жарып, қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырғанын атап өтті.

Instagram парақшасында Махмұд Сабырхан еңбектің, табандылықтың және сенімнің мәнін ерекше жеткізді:

«Әр дайындық – маңдай тер, әр тер – жеңіске жасалған қадам. Қиын сәттер болды, тоқтағың келетін кездер де кездесті. Бірақ берілмедім. Себебі спорт тек денені емес, мінезді де шыңдайды. Жаңа жылда да ел сенімін ақтау үшін осы жолдан таймаймын – бәрі Алланың қалауымен».

Айта кетейік, World Boxing ұйымы Махмұд Сабырханды 2025 жылдың үздік боксшысы деп таныды. Сонымен қатар жанкүйерлер оның филиппиндік Аарон Джудқа қарсы жекпе-жегін жылдың ең үздік айқасы деп дауыс берді.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар