457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Махмұд Сабырхан қытайлық қарсыласынан оңай айласын асырды

Жартылай финалда қытайлық Лю Чуанмен қолғап түйістірді.

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан (55 келі) финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жартылай финал

Отандасымыз жартылай финалда қытайлық Лю Чуанмен қолғап түйістірді. Үш раунд бойы сенімді өнер көрсеткен Сабырханға төрешілер бірауыздан жеңісті берді. Қорытынды есеп - 5:0. Осылайша ол қарсыласынан айқын басым түсіп, алтын жүлде үшін шешуші жекпе-жекке өтті.

Сабырханның жетістіктері

2023 жыл — IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы

2021 жыл — Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

2022 жыл — Азия чемпионатының күміс жүлдегері

2024 жыл — Азия чемпионатының алтын жүлдегері

Қазақстан құрамасының жетістігі

Бұған дейін финалға Назым Қызайбай (48 келі) мен Санжар Тәшкенбай (50 келі) шыққан болатын. Енді шешуші айқастарға Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) жолдама үшін таласады.

Ал Аида Әбікеева (65 келі) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) 12 қыркүйекте финалдық кезеңге өтті. Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Турнир жайлы

Әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтіп жатыр. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тамашалай алады.