Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың алтыншы күніндегі күндізгі сессияда ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Косово боксшысы Башким Байокумен кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салды. Алайда жекпе-жек ұзаққа созылмады – бірінші раундтың небәрі 30 секунды артта қалғанда Сабырхан қарсыласын нокаутқа жіберіп, сенімді түрде келесі кезеңге өтті.
Бұған дейінгі күндізгі сессияда Алуа Балқыбекова (51 кг) мен Виктория Графеева (60 кг) да жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған еді.