457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткер ретінде тіркелді

Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» ережесімен өткізіледі.

World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді.

Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылды.

Ал әйелдер арасында Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» ережесімен өткізіледі.

Фото: ҰОК