World Boxing халықаралық федерациясы ұйымдастырған «Жылдың үздік боксшысы» атағына арналған онлайн дауыс беру мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ерлер арасында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан жанкүйерлердің ең көп қолдауына ие болып, «Жылдың үздік боксшысы» атанды.
Ал әйелдер арасындағы дауыс беру нәтижесі бойынша Наталья Богданова жыл үздігі деп танылды.
Сонымен қатар Астана қаласында өткен Әлем кубогының ширек финалында Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джуд арасындағы тартысты жекпе-жек «Жылдың ең үздік айқасы» ретінде таңдалды.
Айта кетейік, дауыс беру Instagram әлеуметтік желісінде өтті. Әрбір қойылған «лүпіл» бір дауыс ретінде есептелді.
Фото:ҰОК