457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында топ жарды

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда Сабырхан испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен кездесті.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда Сабырхан испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен кездесті. Алғашқы минуттарда қарсыласы қарқынды қимылдап, бірнеше соққы дарытқанымен, қазақстандық боксшы жағдайды тез бақылауға алды.

Бірінші раундтың соңына қарай Махмұд нақты әрі жиі соққыларымен басымдықты толығымен өз қолына алды.

Қалған раундтарда да ол айқын үстемдік танытып, еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бұған дейін бұл мәртебеге тек Серік Сәпиев пен Санжар Тәшкенбай қол жеткізген еді. Енді Қазақстанның үш боксшысы әлемдік доданы екі реттен бағындырған спортшылар қатарында тұр.

Қазақстан құрамасының нәтижесі

Ливерпульдегі додада әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында:

2 алтын медаль — Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін),

1 күміс медаль — Назым Қызайбай (48 келіге дейін).