457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Махмуд Сабырхан 2028 жылғы Олимпиадада Хасанбой Дусматовпен кездесуі мүмкін

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырханның жеке жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков шәкірті 2028 жылғы Олимпиада ойындарында Өзбекстанның әйгілі боксшысы, екі дүркін олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен кездесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды malimsports «Күнгей.kz» YouTube-арнасына сілтеме жасап.

«Мүмкін. Біз ойлаймыз, ол біздің салмақ дәрежемізге — 55 келіге өтеді. Бұл өте қызықты жекпе-жек болар еді, – деді Ілияс Оралбеков.

 

Жаттықтырушының айтуынша, екі спортшының бойы мен дене бітімі ұқсас, бірақ Махмуд жас жағынан артықшылыққа ие. Дегенмен, ол тәжірибелі қарсыласты жеңу үшін бастысы – сабыр мен тактикалық бокс екенін айтты.

«Мұнда жас ерекшелігі рөл ойнамайды. Махмуд көп соққы жасайды, жылдам және шабуылдары алуан түрлі: жоғарыдан, төменнен, жаннан ұрады. Дусматов көбіне жан соққыларына сүйенеді. Егер Махмуд өз стилін сақтап, абыржымай бокстаса, жеңіске жете алады»,– деді бапкер.

Айта кетсек, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 51 келі салмақ дәрежесінде Хасанбой Дусматов қазақстандық Сәкен Бибосыновты ұпай санымен жеңіп, Қазақстанды медальсіз қалдырған болатын.

Фото: коллаж Sports.kz