457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Мансабын аяқтамайды": Джошуа жол-көлік апатынан кейін жаттығуға кірісті 

Энтони Джошуа желтоқсан айының соңында Нигерияда екі адамның өліміне әкелген жол-көлік апатына түскен еді.  

Энтони Джошуа Нигерияда болған кейін жаттығуларын қайта бастады. Ол апаттан кейін 19 күн өткен соң жаттығу сәтіндені бейнежазбаны әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Британдық боксшы Энтони Джошуа желтоқсан айының соңында Нигерияда екі адамның өліміне әкелген жол-көлік апатына түскен еді.  

Апат Лагос-Ибадан бағытындағы жоғары жылдамдықты тас жолда орын алған. 36 жастағы Джошуа отырған Lexus маркалы жол талғамайтын көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған еді. Бұған жылдамдықтың шамадан тыс болуы салдарынан дөңгелектің жарылуы себеп болған. Жол апаты салдарынан боксшының жақын достары  Сина Гами мен Латиф Айоделе қаза тапты. Ал Джошуаның өзі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, 31 желтоқсанда медициналық мекемеден шығарылған. ң

Snapchat әлеуметтік желісінде ол соққыларды пысықтап жатқан бейнежазбасын жариялап, оған: «Психологиялық күшті нығайтуға арналған терапия» деп жазба қалдырды.

Энтони Джошуа WBO, WBA және IBF нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Британдық боксшының кәсіби мансабында 29 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. Ол Энди Руиске, Александр Усикке (екі рет) және Даниэль Дюбуаға жол берген.

Соңғы жекпе-жегін Джошуа 2025 жылдың 19 желтоқсанында өткізіп, америкалық блогер Джейк Полды нокаутпен жеңген болатын. 

Фото: Ашық дереккөзден