Мәзір
Бокс

Мәдира Жұмақан U19 Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 52 қаралым
Мәдира Жұмақан U19 Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

9 шілдеде өткен күндізгі сессияда U19 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектер өтті.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Мәдира Жұмақан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, жарыстың жартылай финалына шықты.

Ал 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жадыра Қалтай мен 54 келіге дейінгі салмақтағы Марал Төлепберген ширек финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.

Бүгінгі кешкі сессияда Қазақстан құрамасынан Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Жасмин Абрамян (60 келіге дейін) және Алтынгүл Аймұхан (75 келіге дейін) рингке шығады. Жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар