457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ливерпульде бокстан әлем чемпионаты басталды

World Boxing ұйымының тұңғыш әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында өтеді.

Бүгін Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Дода алғаш рет World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алғашқы күні қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады. Әйелдер арасында 54 келі салмақта Элина Базарова өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездеседі. Жекпе-жек А рингінде екінші жұп болып өтеді. Кешкі сессия Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Сондай-ақ, 90 келі салмақта Сағындық Тоғамбай жергілікті боксшы Айзек Окомен күш сынасады. Бұл кездесу В рингінде 13-жұпта өтеді.
Айта кетейік, World Boxing ұйымы өткізген тұңғыш әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында өтеді. Биылғы жарысқа 68 елден 554 спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде 329-ы ерлер, 225-і әйелдер. Қазақстаннан 20 боксшы сынға түсуде: ерлер құрамасында да, әйелдер құрамасында да 10 спортшыдан бар.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы