457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ливераульдегі әлем чемпионатында екі қазақ боксшысы шаршы алаңда кездеседі

1/8 финалда қазақстандық Нұрбек Оралбай мен Қытай атынан сынға түсіп жүрген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан шаршы алаңда өзара мықтыны анықтайды

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 80 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық Нұрбек Оралбай мен Қытай атынан сынға түсіп жүрген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан шаршы алаңда кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл екі боксшы үшін бұл алғашқы кездесу емес. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында екеуі кездесіп, Нұрбек Оралбай басым түскен еді. 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарының іріктеу кезеңінде Оралбай мен Таңатхан тағы да жолығып, сол кезде Қытайдағы қазақ боксшысы жеңіске жеткен болатын. Енді олар әлем чемпионаты аясында қайта күш сынаспақ.

Нұрбек Оралбай 1/16 финалда украиналық Матвей Ражбаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал Тоқтарбек Таңатхан мексикалық Эмилиано Редусиндоны айқын басымдықпен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте басталған әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Байрақты бәсекеде 60-тан астам елдің спортшылары бақ сынауда. Жарыс World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Фото: ҚР бокс федерациясы