457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лаура Есенкелді Азия чемпионатының ширек финалында сүрінді

Отандасымыз ширек финалда үндістандық Анкушита Боромен қолғап түйістірді.

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан бүгін, 4 сәуірде ел құрамасынан Лаура Есенкелді (65 келі) шаршы алаңға шыққан еді, деп жазады malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, отандасымыз ширек финалда үндістандық Анкушита Боромен қолғап түйістірген. 

Қазақстандық спортышының қарсыласы осал еемс. Анкушита Боро 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегер атанған. 2024 жылы Париж Олимпиадасының лицензиялық турнирінде Римма Волосенкодан басым түскен еді.

Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында ширақ ойын көсретуге тырысты. Қарсыласына көбірек соққы жұмсауға күш салды. Дегенмен төрешілер шешімімен жартылай финалға үндістандық боксшы шықты.

Қазірге дейін әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға елімізден әәйелдер құрамасында Лаура, Римма, Жазира мен Элинадан өзге Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Енді ел құрамасынан бүгін күндізгі сессияда бесінші жұпта Санжар Тәшкенбай (50 келі) үндістандық Вишванаш Суреш, он екінші жұпта Ертуған Зейнуллинов (65 келі) қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен шеберлік байқасады. 

Ал кешкі сессияда төртінші жұпта Валентина Хальзова (75 келі) Оңтүстік Корея өкілі Суйеон Сеонг, тоғызыншы жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өзбекстандық Арман Махановпен кездеседі.
Фото: ҚБФ