Кәсіби рингте жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Теренс Кроуфорд (42-0, 31 КО) спорттық мансабын аяқтау жөнінде шешім қабылдаған болатын, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осыдан кейін салмақ дәрежесіне тәуелсіз әлемнің үздік боксшыларының P4P (pound-for-pound) рейтингінде vRINGe нұсқасы бойынша жаңа көшбасшы анықталды. Тізімнің алғашқы сатысына украиналық боксшы, екі салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Александр Усик (24-0, 15 КО) көтерілді.
Рейтингтің екінші орнына екінші ең жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, жапониялық Наоя Иноуэ (31-0, 27 КО) жайғасты. Ал үздік үштікті бұрын жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атанған ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) түйіндеді.
Сонымен қатар, жартылай ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық Давид Бенавидес (31-0, 25 КО) vRINGe нұсқасының ТОП-10 рейтингіне қайта оралды.
vRINGe нұсқасы бойынша P4P ТОП-10:
Александр Усик (24-0, 15 КО)
Наоя Иноуэ (31-0, 27 КО)
Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО)
Джесси Родригес (23-0, 16 КО)
Артур Бетербиев (21-1, 20 КО)
Дзунто Накатани (31-0, 24 КО)
Сауль «Канело» Альварес (63-3-2, 39 КО)
Девин Хэйни (33-0, 15 КО)
Шакур Стивенсон (24-0, 11 КО)
Давид Бенавидес (31-0, 25 КО)
Фото: instagram.com/tbudcrawford