457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Костя Цзюдың ұлы Жәнібек Әлімханұлының бокс кешінде өнер көрсетуі мүмкін

Костя Цзюдың ұлы мансабын қайта жандандыру үшін жаңа жаттықтырушы - кубалық маман Педро Диаспен жұмыс істей бастады.

Костя Цзюдың ұлы Жәнібек Әлімханұлымен бір рингке шығуды қалайды

Австралиялық боксшы, бұрынғы WBO чемпионы Тим Цзю жақын уақытта рингке қайта оралуды көздеп отыр, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Таяуда Костя Цзюдың ұлы мансабын қайта жандандыру үшін жаңа жаттықтырушы - кубалық маман Педро Диаспен жұмыс істей бастады. Тимнің айтуынша, ол 2025 жылдың соңына дейін немесе 2026 жылдың басында бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүр.

«Алдағы екі аптада бір жаңалық болады деп үміттеніп жүрміз. Осы жылдың соңына дейін немесе келесі жылдың басында рингке шықсам деймін. Жаңа жаттықтырушымен көп жұмыс істедік, соның бәрін іс жүзінде көрсеткім келеді», - деді Тим Цзю. 

Тим Цзю 6 желтоқсан Premier Boxing Champions Жәнібек Әлімханұлы — Эрисланди Лара арасында ұйымдастаратын бокс кешін камбэк өткізуге ыңғайлы мерзімдердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

16 қаңтар (Брисбен) — Тиммен жұмыс істейтін No Limit компаниясы тағы бір шоу ұйымдастырады. Бұл картта Тимнің бауыры Никита Цзю отандасы Майкл Зерафамен кездеседі.

Фото: Sports.kz