457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Костя Цзю Екатеринбургте таксимен болған төбелесі туралы айтты

Ол жастарды сабырлы болуға және агрессияға жол бермеуге шақырды.

Белгілі боксшы, әлем чемпионы Костя Цзю бірнеше жыл бұрын Екатеринбург қаласында такси жүргізушісімен жанжалға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы ол Патриарх Алексий II атындағы гимназияда өткен кездесуде айтты. Оның сөзінше, оқиға әуежайға асығып бара жатқан кезде болған. Цзю такси тоқтатып мінгенімен, жүргізуші әуежайға барудан бас тартқан. Бұған ашуланған боксшы көліктің капотына соққы жасап, әрі қарай жүріп кеткен. Осыдан кейін таксист ашуланып, Цзюдің артынан келіп, жанжал шығарған. Спортшы жағдайды қауіпті деп бағалап, оны ұрып жібергенін айтты. Жүргізуші бірден көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Костя Цзю бұл әрекетіне өкінетінін жеткізіп, кез келген дауды күш қолданбай, сөзбен шешу қажет екенін атап өтті. Ол жастарды сабырлы болуға және агрессияға жол бермеуге шақырды.

Сонымен қатар, боксшы өмір салты туралы да айтты. Ол 1987 жылдан бері қант жемейтінін, газдалған сусындар ішпейтінін, қуырылған тағамнан бас тартқанын атап өтті. Тек су ішеді, бургерді өте сирек – екі немесе үш айда бір рет қана жейді. Өз отбасы мүшелерін де дұрыс тамақтануға дағдыландырған.

Бұған дейін Костя Цзю Е1.RU халықтық премиясы кезінде болған өзге бір жанжалға қатысты да аты аталған. Алайда спортшы әрдайым тәртіп пен сабыр сақтаудың маңызын атап көрсетеді.

Фото: e1.ru