457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кеңес Рақышев Жәнібек Әлімханұлы туралы жазба жариялады

Жәнібек алдағы уақытта үшінші чемпиондық белбеу үшін мықты қарсыласпен рингке шығуға дайындалып жатыр

Белгілі кәсіпкер әрі меценат Кеңес Рақышев орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы туралы жылы жазба жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол боксшының қарапайымдылығы мен нағыз қазақы болмысын ерекше атап өтті.

«Жәнібекпен әр кездескен сайын оның көзіндегі отты, сөзіндегі сенімділікті байқаймын. Әлем чемпионы, екі бірдей чемпиондық титулдың иегері болса да өте қарапайым. Қазақылығы сақталған жігіт», - деп жазды Рақышев.

Кәсіпкердің айтуынша, Жәнібек алдағы уақытта үшінші чемпиондық белбеу үшін мықты қарсыласпен рингке шығуға дайындалып жатыр. Бұл жекпе-жекке қазақстандықтармен бірге бүкіл әлемнің бокс жанкүйерлері де зор қызығушылық танытуда.

Қазір қазақстандық чемпион АҚШ-тың Калифорния штатында белгілі бапкер Брайн Вилорияның жетекшілігімен маңызды жекпе-жекке дайындық үстінде.

«Үш титулды алып, көк туды желбіретіп, қазақ елін қуантуына тілеулеспін! Қазақ стилінің тарихта қалуына мен де ағалық қолдауымды әрқашан көрсете беремін. Інілерімнің шет елде жарқырап жүруіне ағасы ретінде мен де жауаптымын! Тек сәттілік тілеймін. Жеңісті күнде жолығайық!», - деді Кеңес Рақышев.