Мәзір
Бокс

Карлос Адамес Мейірім Нұрсұлтановтың орнына басқа қарсыласты таңдады

Сабина Асқарқызы 67 қаралым
Карлос Адамес Мейірім Нұрсұлтановтың орнына басқа қарсыласты таңдады

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 13 КО) тағы да WBC бойынша әлем чемпиондығы үшін жекпе-жектен сырт қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол екі жылдан астам уақыт WBC ресми үміткері ретінде тіркелгенімен, титулдық мүмкіндікті күту үшін ешқандай жекпе-жек өткізген жоқ.

Кеше WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) 31 қаңтарда Нью-Йоркте өтетін Теофимо Лопес пен Шакур Стивенсон бокс кешінің андеркартында белбеуін америкалық Остин «Аммо» Уильямспен (19-1, 13 КО) қорғайтыны белгілі болды. Уильямс WBC рейтингінде алтыншы орында тұр.

Остин Уильямс – 2019 жылы британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған америкалық боксшылардың бірі. Белгілі қарсыластары қатарында Стив Роллс пен Хамза Шираз бар.

 

 

Фото: sportilinet.kz.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар