«Канело» – Кроуфорд жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Allegiant Stadium аренасында жылдың басты бокс кеші өтті. Рингке мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) шығып, суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жекпе-жек толық 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс Кроуфордқа берілді — 116:112, 115:113, 115:113.
Айта кетерлігі, айқас алдында басты фаворит болып Канело саналған еді. Осылайша Кроуфорд кәсіби рингтегі 42-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Альварес мансабындағы үшінші рет жеңіліс тапты.
Бұл кездесудің басты ерекшелігі - Кроуфордтың екі салмаққа жоғарылап, Канеломен жұдырықтасуы. Ол бұған дейін:
2017 жылы бірінші жартылай орта салмақта,
2023 жылы жартылай орта салмақта абсолютті чемпион атанған болатын.
Енді америкалық боксшы үш түрлі салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атанған санаулы спортшылардың қатарына қосылды.
Сауль Альварес бұған дейінгі жекпе-жегін 2024 жылғы 3 мамырда кубалық Уильям Скаллға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді.
Ал Теренс Кроуфорд соңғы рет 3 тамызда өзбекстандық Исраил Мадримовпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Фото: Jeff Bottari/TKO Worldwide LLC via Getty Images

Ең көп оқылған
