457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Канело енді блогермен жекпе-жек өткізетін болды

АҚШ-тың атышулы блогер-боксшысы Джейк Пол (12-1, 7 КО) мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареспен (63-3-2, 39 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті. Бұл туралы ол BloodYelbow басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Негізі қос спортшы бұған дейін де келіссөз жүргізіп, рингке шығуға уағдаласқан болатын. Алайда кейін Канелоға америкалық Теренс Кроуфордпен (42-0, 31 КО) айқасу туралы тиімді ұсыныс түсіп, кездесу кейінге шегерілген.

Альварес Кроуфордтан жеңіліп, соңғы жеті жылда алғаш рет титулсыз қалғаннан кейін, Полмен жекпе-жек өткізу мәселесі қайта күн тәртібіне шықты.

Джейк Полдың айтуынша, бұл жекпе-жек Сауд Арабиясының әйгілі спорт инвесторы Турки әл аш-Шейхтің бастамасымен ұйымдастырылуы мүмкін.

«Турки осы істі жүзеге асыра алатын адам деп ойлаймын. Мен дайынмын. Ол қызығушылық танытып отыр, ал Канело да жекпе-жекке келісімін берді. Енді тек іске асыру ғана қалды», — деді Джейк Пол сұхбатында.

Айта кетсек, Джейк Пол биыл 14 қарашада жеңіл салмақтағы WBA чемпионы Джервонта Дэвиспен (30-0-1, 28 КО) кездесу өткізуі тиіс болған. Алайда Дэвистің сот ісіне байланысты айқас кейінге қалдырылған.

27 жастағы Пол алғашында YouTube блогері ретінде танылғанымен, кейін кәсіпқой боксқа бет бұрып, аз уақыттың ішінде әлемдік аренада кеңінен танылды.

Ол 2024 жылдың 15 қарашасында аңызға айналған Майк Тайсонмен рингке шығып, төрешілер шешімімен (79:73 есебімен) жеңіске жеткен болатын.

Егер келісім жүзеге асса, Джейк Пол мен Сауль Альварес арасындағы айқас бокс әлеміндегі ең көп талқыланатын және коммерциялық тұрғыдан табысты кездесулердің бірі болмақ.

Фото: instagram.com/canelo