Иван Дычко жеңіліп көрмеген британдық боксшыны тізе бүктірді
Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко Англияның Борнмут қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде маңызды жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол бұған дейін жеңіліс көрмеген британдық Харви Дайксты ұпай санымен ұтты.
Он раундқа жоспарланған жекпе-жектің алғашқы бөлігінде-ақ Дычко қарсыласын ауыр соққымен нокдаунға жіберіп, өз басымдығын байқатты. Алайда жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталмай, толық қашықтыққа созылды.
Қалған раундтарда екі боксшы да белсенді өнер көрсетіп, тартысты айқас өрбіді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті аралас шешіммен қазақстандық боксшыға берді.
Бұл Иван Дычко үшін 2024 жылдың қыркүйегінде америкалық Джермейн Франклиннен жеңілгеннен кейінгі маңызды жеңіс болды. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді.
Ал Харви Дайкс кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Фото: ©Depositphotos/steho
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған