Иван Дычко әлемдік рейтингте жоғары көтерілді
Әлемдік бокстың статистикалық порталы – BoxRec ауыр салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстандық суперауыр салмақ боксшысы Иван Дычко өткен демалыс күндері Англияның Борнмут қаласында рингке оралды. Бұл оның америкалық Джермейн Франклин кішінен жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды.
Дычконың қарсыласы жеңіліс көрмеген британдық Харви Дайкс еді. Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, мерзімінен бұрын жеңіске жете алмады. Дайкс барлық он раундқа шыдап, тартысты айқас соңына дейін жалғастырды.
Төрешілер шешімі екіге жарылды. Рис Картер 95:94 есебімен Дайксты жеңімпаз деп таныса, Боб Уильямс пен Маркус МакДоннелл 97:92 есебімен Дычконың пайдасына дауыс берді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің көпшілік шешімімен жеңіске жетті.
Осы жеңістен кейін BoxRec рейтингісінде Иван Дычко суперауыр салмақтағы әлемнің үздік боксшылары арасында 71-орынға жайғасты.
Ал Өзбекстанның атақты боксшысы Баходир Джалолов рейтингте әлдеқайда жоғары – 16-орында тұр. Тағы бір өзбекстандық спортшы Лазизбек Муллажонов 85-орынға орналасқан.
Айта кетейік, Дычконың кәсіби мансабын қайта жандандыру жолындағы бұл жеңісі оның әлемдік рейтингтегі позициясын сақтап қалуына мүмкіндік берді.
Фото: The Heavyweight Factory
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған