457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ІВА әлем чемпионатына қатысатын боксшыларға қомақты сыйақы береді

Дубайда өтетін әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшыға 300 мың АҚШ доллары табысталады.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылғы ерлер арасындағы Elite әлем чемпионатының өтетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Біріншілік 2-13 желтоқсан аралығында Дубайдың әйгілі Tennis Stadium аренасында өтеді. Жарыс екі аптаға созылатын ауқымды Festival of Boxing спорт мерекесінің басты оқиғасы болғалы отыр. 

Әлемнің үздік боксшылары бас қосатын додада жалпы 8 миллион доллар жүлде қоры қойылып отыр. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазы 300 мың доллар иеленеді. Бұл – бокстың тарихындағы ең қомақты жүлде қоры.

IBA президенті Умар Кремлевтің айтуынша, рекордтық жүлде қоры ұйымның боксшыларды қолдауға, жаттықтырушылар мен ұлттық федерациялардың еңбегін бағалауға деген айқын ұстанымын білдіреді. Жүлделер келесі үлгіде бөлінеді:

I орын – 300 000 доллар

II орын – 150 000 доллар

III орын – 75 000 доллар

V орын – 10 000 доллар

Әр сыйақының 50%-ы боксшыға, 25%-ы бапкерлерге, 25%-ы ұлттық федерацияға беріледі.

Бұл чемпионат тек рекордтар мен жүлделер туралы емес, ең алдымен әрбір боксшыға, әрбір жаттықтырушы мен ұлттық федерацияға лайықты құрмет көрсету, - деді Кремлев.

Турнир аясында IBA Global Boxing Forum, IBA Pro Event және IBA Конгресі де ұйымдастырылып, Дубайды желтоқсанда әлемдік бокстың астанасына айналдырмақ. IBA Бас хатшысы әрі бас атқарушы директоры Крис Робертс OBE атап өткендей, бұл чемпионат тек жарыс қана емес, бокстың бірлік пен әділеттілікті дәріптейтін үлкен мерекесіне айналады.

2025 жылғы IBA ерлер арасындағы Elite әлем чемпионаты - тарихы 75 жылдан асқан қауымдастықтың бокс өнерін жаңа биіктерге көтеру жолындағы кезекті қадамы болмақ. Жарысқа қатысатын боксшылар мен қосымша шаралар жөніндегі толық ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

Фото: ІВА