457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Иман Хелиф World Boxing ұйымының әрекетін сынға алды

Оның айтуынша, жаңа талаптар жалпы спортшыларға емес, дәл өзіне бағытталған.

Алжирлік боксшы Иман Хелиф World Boxing ұйымының спортшыларға міндетті гендерлік тестілеу енгізу туралы шешімін сынға алды, деп жазады malimsports.kz

Оның айтуынша, жаңа талаптар жалпы спортшыларға емес, дәл өзіне бағытталған.

«Бұл заң жалпы спортшыларға емес, нақты маған қарсы қабылданды. Ол Париж Олимпиадасынан кейін шықты. Қазір мен тек рингте ғана емес, рингтен тыс жерде де күресіп жүрмін», - деді ол.

Иман Хелиф - былтыр Париж олимпиадасының чемпионы. Алайда Олимпиададан кейін ол үлкен дау ортасында қалды. Журналистік зерттеулер барысында Хелифтің медициналық тексерісі талқыланып, оның дене құрылымы мен гормондық көрсеткіштеріне қатысты мәліметтер спорт қоғамдастығында қызу пікірталас тудырды.

Сол жағдайдан кейін гендерлік сәйкестік мәселесі бойынша жаңа талаптар енгізу ұсынылған еді. Хелиф өзін әрдайым әйел ретінде танытып келгенін айтса да, жаңа ереже оған мүлдем ұнамайтынын мәлімдеді. Спортшының сөзінше, Париждегі жағдайдан кейін қабылданған бұл шешім әділетсіз әрі оның жеке жағдайына негізделген. 

Фото: Ашық дереккөзден