457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

III ТМД елдері ойындары: қыздар арасында 2 боксшымыз чемпион атанды

Әзірбайжанның Евлах қаласында орналасқан Олимпиада орталығында бокстан III ТМД елдері ойындарының қыздар арасындағы финалдық кездесулері өтті.

Әзірбайжанның Евлах қаласында орналасқан Олимпиада орталығында бокстан III ТМД елдері ойындарының қыздар арасындағы финалдары өтті, деп хабарлайды malimsports.kz спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 
Бұл сында финалға шыққан 2 боксшымыз қарсыласын ұтып, әнұранымызды шырқатты.
-60 кг, финал:
Жасмин Абрамян - Айнұр Исмаилова (Әзірбайжан). Есеп: 5-0.
-66 кг, финал:
Диляра Тұрсынбек - Лустина Ануфриева (Ресей). Есеп: 5-0.
Сонымен қатар тағы 5 былғары қолғап шеберіміз қола жүлдеге ие болды. Олар:
Асылай Мұрат (-48 кг)
Аружан Тіллабай (-52 кг)
Аделаида Садвакасова (-54 кг)
Балым Ғабитқызы (-57 кг)
Мадина Нұрманова (-63 кг)
Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы - Айбек Әбілда. Енді бүгін ұлдар арасында бір отандасымыз Едіге Нұрқожа (-52 кг) бас жүлдеге таласады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы