Мәзір
Бокс

IBA әлем чемпионаты: Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 117 қаралым
IBA әлем чемпионаты: Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) әлем чемпионатында бүгін, 7 желтоқсанда ұлттық құрамадан алғаш болып шаршы алаңға Оразбек Асылқұлов (57 келі) шықты.

Қазақстандық боксшы Кабо-Верде өкілі Элизандру Саншеш да Силвамен жұдырықтасып, барлық раундта айқын басымдық танытты. Асылқұлов жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен келесі кезеңге жолдама алды.

Кешкі сессияда тағы екі отандасымыз сынға түседі:

Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) – Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэлге қарсы;

Абылайхан Жүсіпов (70 келі) – армениялық Арарат Арутюнянмен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар