IBA 2026 жылдан бастап командалық бокстан әлем кубогын өткізеді
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2026 жылдан бастап командалық форматтағы бокстан әлем кубогын өткізуді бастайды. Бұл шешім IBA Конгресінде қабылданды, деп жазады malimsports.kz.
Аталған жиын ұлттық федерациялар саны бойынша рекордтық деңгейде өтіп, оған 155 елдің өкілдері қатысты. Конгресс барысында IBA Конституциясына енгізілген жаңа өзгерістер бірауыздан қолдау тауып, бекітілді.
Командалық әлем кубогы екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Әрбір ұлттық құраманың сапында жеті боксшыдан өнер көрсетеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 10 миллион АҚШ долларынан аспақ.
Сондай-ақ Конгрессте IBA президенті Умар Кремлев 2026 жылы ұйым ұлттық федерацияларды қолдауға, чемпионаттар мен жүлде қорларын қаржыландыруға, сондай-ақ жарыстарға қатысу мүмкіндігі жоқ спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдауға 55 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді.
Бұдан бөлек, IBA әлем бойынша мұқтаж спортшыларға 50 мыңнан астам жұп бокс қолғаптары мен шлемдерді тегін таратпақ. Бұл бастама боксты баршаға қолжетімді етуге бағытталған.
«Біздің мақсат - әрбір боксшы мен әрбір ұлттық федерацияға лайықты жағдай жасау. Бокс әлемнің әр елінде және әр қаласында дамуы тиіс», - деді Умар Кремлев.
Конгресс қорытындысы бойынша Пәкістан, Сент-Винсент пен Гренадин, сондай-ақ Үндістан федерациялары IBA құрамынан шығарылды. Ал Нидерланд федерациясының тұрақты мүше мәртебесін алу жөніндегі өтініші қабылданбады.
Фото:
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған