457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

IBA 2025 жылғы әлем чемпионатының үздік боксшысын атады

Өзбекстан боксшысы Хасанбой Дусматовқа бұйырды.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша турнирдің үздік боксшысын анықтады.

Бұл атақ 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған Өзбекстан боксшысы Хасанбой Дусматовқа бұйырды.

Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы барлығы екі алтын медаль иеленді. Хасанбой Дусматовтан бөлек, 67 келіге дейінгі салмақта Асадхужа Муйдинхужаев та әлем чемпионы атанды. Жалпыкомандалық медаль есебінде Өзбекстан үшінші орынға тұрақтап, Қазақстан мен Ресей құрамаларына жол берді.

Ал Қазақстан құрамасы бұл додада үш алтын медаль жеңіп алса, Ресей боксшылары жеті алтынмен турнирдің көшін бастады.

32 жастағы Хасанбой Дусматов биылғы қыркүйек айында World Boxing ұйымы өткізген әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Дегенмен оның спорттық мансабы аса жарқын жетістіктерге толы. Ол - екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016, 2024), 2023 жылғы әлем чемпионы, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ Азия чемпионаттарының үш дүркін чемпионы (2015, 2017, 2022).

Фото: IBA