457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Гүлсая Ержан мен Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын жеңіспен жалғастырды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ивета Лесинцкитемен (Литва) кездесті.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Гүлсая Ержан үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті жұлып алды.

Сонымен бірге, бүгін жарыс жолына ұлттық құрама спортшылары арасынла екінші болып шыққан Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті. 
Төрехан 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Роберт Боспен (Нидерланд) қолғап түйістірген еді. 
Отандасымыз үшін бұл жекпе-жек оңай болған жоқ. Бірінші раундта нидерландтық боксшы басым түсті. Дегенмен Төрехан Сабырхан екінші раундта тізгінді қолына алды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен басымдық танытты. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі