Головкиннің жұдырық ізі Даңқ залының музейіне қойылады
Қазақстанның даңқты боксшысы, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин АҚШ-тың Канастота қаласында өтіп жатқан Халықаралық бокс даңқы залының (IBHOF) салтанатты шараларына қатысуда.
Даңқ залына ресми түрде қабылданар алдында Головкин жанкүйерлермен кездесіп, қолтаңба таратып, естелік суреттерге түсті. Қазақстандық бокс аңызына деген қызығушылық жоғары болды.
Салтанатты іс-шара аясындағы ерекше рәсімдердің бірі – спортшы жұдырығының үш өлшемді слепогын жасау болды. Бұл дәстүр жаңа мүшелердің Даңқ залына қабылдануы алдында орындалады. Арнайы тез қататын ерітіндіге қолын батыру арқылы алынған қалып кейін көлемді мүсінге айналдырылады.
Головкиннің жұдырық ізі енді Канастотадағы Халықаралық бокс даңқы залы музейінің тұрақты экспозициясына қойылады. Ол әлемдік бокстың ең әйгілі өкілдерінің жәдігерлерімен қатар көрермен назарына ұсынылады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин IBHOF-тың 2026 жылғы қабылданушылар қатарына енді. Осылайша ол Халықаралық бокс даңқы залына қабылданған алғашқы қазақстандық боксшы атанып отыр.
GGG кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2022 жылы мексикалық бокс жұлдызы Сауль Альварес қарсы өткізген болатын. Содан бері шаршы алаңға шықпағанымен, халықаралық бокстың дамуына белсенді үлес қосып келеді.
Фото: instagram.com/wbaboxingofficial
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған