457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Головкин UFC басшысының ұсынысына қарсы шықты

Головкиннің пікірінше, бұл өзгерістер спортшылар үшін тиімді болмайды.

Бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Дана Уайт пен Турки әл-Әш-Шейх ұсынып отырған «Мұхаммед Әли туралы заңға» енгізілетін өзгерістерге қарсы екенін мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

2000 жылы қабылданған Мұхаммед Әли туралы акт - кәсіби бокстағы қатынастарды реттейтін негізгі құқықтық құжат. Дана Уайт пен Сауд Арабиясы тарапынан ұсынылған жаңа түзетулер боксқа балама ретінде өз ішкі құрылымы, рейтингтері және чемпиондық белбеулері бар жабық лигалар мен промоушендер құруды көздейді.

Головкиннің пікірінше, бұл өзгерістер спортшылар үшін тиімді болмайды.

«Мұның бәрі спортшыларға ықпал етуге және оларды бұрынғыдан да қатты бақылауға алу үшін жасалып жатыр. Ескі Әли актісі әрқашан дұрыс жұмыс істеді. Ол боксшыларды қорғады. Барлығы ойдағыдай еді», — деді GGG.

Сонымен қатар Головкин қазіргі кезеңде Сауд Арабиясының бокстың дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында UFC президенті Дана Уайт Турки әл-Әш-Шейхпен бірге жаңа бокс лигасын іске қосқанын жариялаған. Сауд Арабиясы соңғы жылдары бірқатар жоғары деңгейдегі жекпе-жектер мен турнирлердің орталығына айналып отыр.

Фото: Ашық дереккөзден