457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Головкин қазақстандық спортшыларды қолдауға барды

Ислам ынтымақтастығы ойындарының ресми шараларына қатысты.

Әлемге әйгілі боксшы, Қазақстанның спорт мақтанышы Геннадий Головкин Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының ресми шараларына қатысты.

Головкиннің сапарының басты мақсаты – халықаралық жарыста ел намысын қорғап жүрген қазақстандық спортшыларды қолдау болды. Ол ойындар аясындағы ресми кездесулерге қатысып, жарысқа қатысушылармен және ұлттық делегация өкілдерімен естелік суретке түсті.

Шара барысында боксшы спортшыларға сәттілік тілеп, олардың әр жеңісі Қазақстанның беделін арттыра түсетінін атап өтті.

«Біздің спортшылар әр жарыста еліміздің намысын абыроймен қорғап келеді. Мен олардың табысына шын жүректен қуанып, әрқайсысына жеңіс тілеймін», - деді Головкин кездесуде.

Головкиннің Эр-Риядтағы бұл сапары отандастардың рухын көтеріп, Қазақстан спортына деген қолдаудың жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ойындары –  спортшылар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтатын халықаралық жарыс. Биылғы ойындарға ондаған елдің үздік спортшылары қатысып жатыр.

Фото: видедан скрин