457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Гиннестің рекордтар кітабына енген боксшы әлем чемпиондық атағын қорғады

37 жастағы спортшының жекпе-жегі Пуэрто-Рикода ұйымдастырылған турнирдің басты айқасы болды.

Пуэрто-Рико өкілі Аманда Серрано кәсіпқой рингтегі 49-жеңісіне жетіп, бокстан әлем чемпионы атақтарын сәтті қорғады, деп хабарлайды malimsports.kz.

37 жастағы спортшының қатысуымен өткен жекпе-жек Пуэрто-Рикода ұйымдастырылған турнирдің басты айқасы болды. Серраноға қарсы америкалық Рейна Тельес жұдырықтасты. Тельес бұл кездесуге қысқа мерзімде келісіп, мексикалық Эрика Крустың орнына шыққан.

Жекпе-жек барлық 10 раундқа созылды. Серрано айқын басымдыққа ие болғанымен, қарсыласын нокаутқа жібере алмады. Нәтижесінде пуэрторикалық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті — 97:93, 98:92, 97:93.

Осы жеңістің арқасында Аманда Серрано WBA және WBO нұсқалары бойынша жартылай жеңіл салмақтағы (57,2 кг дейін) әлем чемпионы белбеулерін қорғады. Ол Гиннестің рекордтар кітабына тарихтағы ең титулды әйел-боксшы ретінде енген: Серраноның еншісінде жеті салмақ дәрежесінде жеңіп алған тоғыз негізгі чемпиондық белбеу бар.

Бұл жеңіс Серрано үшін ирландиялық Кэти Тейлордан қатарынан болған екі жеңілістен кейінгі сәтсіз серияны тоқтатты. Жалпы кәсіпқой мансабында ол 48 рет жеңіске жетіп (31 нокаут), төрт рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

Ал Рейна Тельес мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. 22 жастағы америкалық боксшының еншісінде 13 жеңіс (оның бесеуі нокаутпен) және бір тең ойын бар.

Фото: Getty Images