Мәзір
Бокс

GGG Нью-Йоркте Кроуфорд пен Джейкобспен жүздесті

Сабина Асқарқызы 99 қаралым
GGG Нью-Йоркте Кроуфорд пен Джейкобспен жүздесті

Орта салмақта бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған Геннадий Головкин (GGG) Нью-Йоркте өткен The Ring Awards марапаттау рәсімінде аты аңызға айналған боксшылармен кездесті.

The Ring журналы ұйымдастырған салтанатты кеште Головкин бұрынғы pound-for-pound рейтингінің көшбасшысы Теренс Кроуфорд және өзінің экс-қарсыласы Дэниэл Джейкобспен жүздесті. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда GGG-нің Кроуфордпен бір үстелде отырып әңгімелескені, ал Джейкобсты жылы қарсы алып, құшақтағаны көрінеді.

Кадр сыртындағы әңгімеде Джейкобс Геннадий Головкиннің бокстағы еңбегін ерекше атап өтіп, оның көрсеткен деңгейі мен өткізген жекпе-жектері үшін алғысын білдірген.

Еске сала кетейік, Головкин мен Джейкобс 2017 жылы Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан еді. Сол кездесуде IBF, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдары сарапқа салынды. 12 раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша Головкин бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті. Ал Джейкобс GGG-мен толық 12 раундтық қашықтықты еңсерген алғашқы қарсылас ретінде тарихта қалды.

The Ring журналы видеоларды X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады. Жанкүйерлер пікірлерінде: «Аңыздар», «Үздіктер бір жерде», «Барлық уақыттың ұлылары», «Екеуі де Канелоны жеңген» деген жазбалар қалдырды.

Фото: x.com/ringmagazine кадр

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар