457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Геннадий Головкиннің мансабындағы болуы мүмкін жекпе-жек аталды

Головкин орта салмақта өнер көрсетсе, Андре Уорд екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде чемпиондық белбеулерге ие болған.

Boxingscene.com сайты бұрынғы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Андре Уордтың рингте жолықпағанына өкініш білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Головкин орта салмақта өнер көрсетсе, Андре Уорд екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде чемпиондық белбеулерге ие болған.

«Аяқталмай қалған бокс текетіресі. Андре Уорд пен Геннадий Головкин. Жылдар бойы талқыланған тақырып. Екі “праймдағы” боксшы, бірақ олардың жолы ешқашан қиылыспады. Шеберлік пен қысымның, қорғаныс пен қиратқыш күштің қарсыласуы. Егер бұл жекпе-жек шын мәнінде өтсе, кім жеңіске жетер еді?» - деген сауалды басылымның Х (бұрынғы Twitter) парақшасы оқырмандарына жолдады.

Айта кетейік, кейбір бокс жанкүйерлері Геннадий Головкинді Андре Уордпен кездесуден қашқақтады деп айыптайды. Алайда GGG-дің промоутері Том Лёффлер бұл пікірді бірнеше рет жоққа шығарған.

Фото: Ашық дереккөзден