Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқ залына ресми енгізу салтанатының қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
IBHOF ұйымының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында 2026 жылғы салтанатты рәсім мен оған байланысты іс-шаралар 11-14 маусым аралығында АҚШ-тың Канастота қаласында өтетіні хабарланды.
Геннадий Головкинмен бірге Даңқ залына британиялық Найджел Бенн және америкалық Антонио Тарвер қабылданады. Олар «Заманауи боксшылар (ерлер)» санаты бойынша ұсынылған.
Еске сала кетейік, 2 қазанда Халықаралық бокс даңқ залы 2026 жылғы тізімге арналған бюллетеньдерді жариялаған болатын. Үміткерлер қатарында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де бар еді.
Желтоқсан айында Головкиннің Даңқ залына алғашқы талпынысында-ақ енгені белгілі болды. Ол осы мәртебеге ие болған Қазақстан тарихындағы алғашқы боксшы атанды.
Фото: instagram/gggboxing