Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енгеннен кейін мәлімдеме жасады
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің Халықаралық бокс Даңқ залына (IBHOF) енгізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кеше белгілі болғандай, GGG 2026 жылғы класс құрамында алғашқы дауыс беруде-ақ Даңқ залына енгізілді. Онымен бірге «Қазіргі заман боксшылары (ерлер)» санатында Антонио Тарвер мен Найджел Бенн де тізімге енген. Даңқ залына ресми қабылдау рәсімі келер жылдың жазында өтеді.
«Бұл — әрбір боксшы үшін ең жоғарғы құрмет және менің карьерамдағы соңғы мозаика. Бокста өз мұрамды қалдырғаныма мақтанамын», — деді Головкин ESPN-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және World Boxing ұйымының басшысы қызметін атқарады.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған