Геннадий Головкин World Boxing ұйымын басқарады
Халықаралық бокс федерациясы World Boxing алдағы Конгрессте өтетін сайлауға жіберілген үміткерлердің соңғы тізімін жариялады. Дауыс беру рәсімі 23 қарашада Рим қаласында өтеді.
Барлық кандидаттар Sport Resolutions ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін үш халықаралық сарапшыдан құралған Тәуелсіз бағалау комиссиясының тексерісінен өтті. Комиссия үміткерлердің кәсіби талаптарға сәйкестігін қарап, тек оң қорытынды алғандарын ғана сайлауға жіберді.
2025 жылдың қазан айында тапсырылған өтініштерді қарағаннан кейін, президент лауазымына жалғыз үміткер ретінде Геннадий Головкин тіркелді.
World Boxing жарғысы бойынша, егер басшылық қызметке бір ғана үміткер ұсынылса, Конгресс оны баламасыз негізде – бірауыздан мақұлдай алады. Осылайша, GGG-дің ұйым басшысы атануы іс жүзінде алдын ала белгілі болып отыр.
Вице-президент пен Атқарушы комитет құрамына кандидаттар
Конгресс президент сайлауымен қатар вице-президент пен Атқарушы комитеттің екі мүшесін сайлайды. Тізімге енгізілген үміткерлер:
Вице-президент лауазымына:
Чайват Чотима (Таиланд)
Иштван Ковач (Венгрия)
Райан О’Ши (Канада)
Атқарушы комитет құрамына:
Мулуд Бузьян (Франция)
Норберт Келлер (Бельгия)
Иштван Ковач (Венгрия)
Донатас Мачянскас (Литва)
Михаэль Мюллер (Германия)
Тацуя Накама (Жапония)
Райан О’Ши (Канада)
Конгресс - World Boxing ұйымының ең жоғарғы басқару органы. Римдегі отырысқа ұйымның вице-президенті Дина Гликидис төрағалық етеді. Сайлау барысын тәуелсіз бақылаушылар қадағалап, барлық рәсімнің толық ашық әрі регламентке сай өтуін қамтамасыз етеді.
Фото: әлеуметтік желі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған