Геннадий Головкин – тарихтағы ең үздік боксшы атанды
Британдық боксшы және сарапшы Дэн Морли өзінің жеке пікіріне негізделген тарихтағы ең үздік боксшылар рейтингін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкин бірінші орынға ие болды.
Дэн Морлидің үздік бес боксшысы:
Геннадий Головкин
Роберто Дюран және Гарри Греб
Василий Ломаченко
Шугар Рэй Леонард
Карл Фроч және Микки Уорд
Морли өзінің тізімін жеке талғамы мен өміріне әсер еткен спортшылардың стилі мен мінезіне сүйене отырып жасағанын айтты:
«Мен үшін бұл тек спортшылар емес – олар мені өмірімде де, рингте де шабыттандырған тұлғалар. Кейбірі менің бокс стиліме де әсер етті».
Сондай-ақ ол Головкинмен, Роберто Дюранмен және Шугар Рэй Леонардпен жеке кездескенін және олардың қарапайымдылығы мен адамгершілігіне тәнті болғанын жеткізді.
Геннадий Головкин – орта және екінші орта салмақта өнер көрсеткен әлемге әйгілі қазақстандық боксшы. Ол әуесқой және кәсіпқой бокста да теңдессіз жетістіктерге жетті.
Әуесқой бокста:
2003 жылғы әлем чемпионы
2004 жылғы Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері
2002 жылғы командалық Әлем кубогының күміс жүлдегері
Кәсіпқой бокста:
Орта салмақта IBF, WBA және IBO тұжырымдары бойынша абсолютті әлем чемпионы
Сондай-ақ WBC, IBF, WBA, IBO белбеулерінің иегері (2010–2023 жж.)
Головкиннің соңғы кәсіби жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Онда ол мексикалық Канело Альвареспен кездесіп, төрешілер шешімімен ұтылған.
2024 жылдың 26 ақпанынан бастап Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарып келеді.
Ал 2025 жылдың көктемінде оған КИМЭП университетінің құрметті докторы атағы берілді.
Головкиннің бұл мәртебесі – оның тек рингтегі жеңістерінің ғана емес, қазақ спорты мен ұлт рухының символына айналғанының дәлелі.
Фото: ©DAZN
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған