Қазақстандық бокс аңызы, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Екі спортшы бір-бірін жылы шыраймен қарсы алып, құшақ жая амандасты. «Сені көргеніме қуаныштымын, бауырым», - деді Роналду Головкинге. Кездесудің видеосын GGG өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Әңгіме барысында португалиялық жұлдыз қазақстандық боксшыдан Эр-Риядқа қандай мақсатпен келгенін және әлі де бокспен айналысып жүр ме екенін сұрады. Головкин алдағы жылы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін атап өтті. 43 жастағы боксшы мансабын ресми түрде аяқтамағанын және қызықты ұсыныс болса, рингке қайта оралуға дайын екенін бұған дейін де айтқан.
Криштиану Роналду Головкинді Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Айта кетейік, Эр-Риядта салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) бокс кештері өтіп жатыр. Шоу «Жапония vs Мексика» форматында ұйымдастырылған. Кеше Геннадий Головкин жапон боксшысы Наоя Иноуэ мен мексикалық Давид Пикассо арасындағы жоғары деңгейдегі жекпе-жекті тамашалады.
Фото: Видеодан скриншот