Мәзір
Бокс

Геннадий Головкин мансабында қанша табыс тапқаны белгілі болды

Сабина Асқарқызы 88 қаралым
Геннадий Головкин мансабында қанша табыс тапқаны белгілі болды

Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақта ең көп табыс тапқан боксшылар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Surprisesports.com басылымының мәліметінше, Головкин кәсіби мансабында жалпы 150 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Осылайша, ол орта салмақтағы ең жоғары қаржылық көрсеткішке қол жеткізген абсолютті рекорд иесі атанды.

Мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен трилогияның өзі GGG-ге жалпы 82 миллион доллар пайда әкелген:

– 2017 жылғы алғашқы жекпе-жек (PPV табысын қоса есептегенде) – 22 млн доллар,

– 2018 жылғы қарымта кездесу – 30 млн доллар,

– 2022 жылы өткен трилогияның шешуші айқасы – 20 млн доллар.

Айта кетерлігі, 30 миллион долларлық гонорар – орта салмақ тарихындағы ең ірі сыйақылардың бірі болып саналады.

Еске салайық, Геннадий Головкин кәсіби рингте 42 жеңіске жеткен, оның 37-сі нокаутпен, 2 жеңілісі және 1 тең нәтижесі бар. Ол орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.

Сондай-ақ Головкин орта салмақтағы нокауттар пайызы ең жоғары боксшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. 2025 жылы ол Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) қабылданған алғашқы қазақстандық атанды.

 

 

Фото: DAZN

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар