457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Геннадий Головкин Kokshe Arena спорт кешенінің ашылуына арнайы барды

Жаңа нысан әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған алаңға айналады.

Көкшетау қаласында Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешенінің салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды malimsports.kz 

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин осы рәсімнің құрметті қонағы болды.
Жаңа нысан әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған алаңға айналады.
Кешен бір мыңнан астам адамға арналған. Оның құрамына мультимедиялық жабдықтармен қамтылған 650 орындық көрермен залы, жасанды жартасты қабырғасы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы, сондай-ақ олимпиадалық стандарттарға сай сертификатталған жабдықтармен қамтамасыз етілген бокc, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар кіреді.
Кешеннің іргелес аумағында жеңіл атлетика аймағы мен ойын спорт түрлеріне арналған алаңдар салынған.
Сонымен қатар Kokshe Arena мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Фото: ҰОК