457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Геннадий Головкин есімі Халықаралық бокс даңқ залына ұсынылды

АҚШ-тың Канастота қаласында өтетін Халықаралық бокс даңқ залына кімдер енгізілетіні анықталатын жаңа дауыс беру бюллетені жарияланды

2026 жылы Нью-Йорк штатының Канастота қаласында өтетін Халықаралық бокс даңқ залына кімдер енгізілетіні анықталатын жаңа дауыс беру бюллетені жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz

Соның ішінде қазақстандық Геннадий Головкиннің есімі де бар. Ол 2022 жылы соңғы жекпе-жегін өткізгендіктен, үш жылдық үзілістен кейін «Заманауи боксшылар» санатында алғаш рет қатысуға құқылы болып отыр. Кәсіби рингте 42 жеңіске жетіп, 2 рет қана жеңіліп, 1 тең түсіп (оның 37-сін нокаутпен) дараланған Головкин өз дәуірінің ең мықты орта салмақ боксшысы саналған. Сарапшылар оның даңқ залына енгізілуі әбден мүмкін екенін айтады.

Сонымен қатар, дауыс беру тізіміне америкалық Вернон Форрест (41-3, 29 KO) пен ирландиялық Стив Коллинз (36-3, 21 KO) енгізілді. Әйелдер арасында жапондық бес салмақ чемпионы Наоко Фуджиока, германиялық Кристина Хаммер және мексикалық Жакки Нава алғаш рет ұсынылды.

«Ерте дәуір» санатына уэльстік Уилли Дэвис қосылды. Ал жаттықтырушы әрі катмен Джимми Гленн, рефери Джек Рейс, пиар-маманы Келли Суонсон және төреші Стив Вайсфельд «қатысушылар емес» тізіміне енгізілді. Бақылаушылар санатында британдық тележүргізуші және журналист Стив Банс, америкалық журналист Стив Спрингер және телепродюсер Гордон Холл бар.

Халықаралық дауыс беруге Жапония, Англия, Канада, Аргентина, Австралия, Нидерланд, Германия, Мексика және АҚШ-тың спорт сарапшылары қатысады. Нәтижесі 2025 жылдың желтоқсан айының басында жарияланады.