457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Геннадий Головкин бокстан Азия чемпионатына арнайы барды

Аталған құрлық біріншілігі 10 сәуірге дейін жалғасады.

World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатына келді, деп жазады malimsports.kz

Турнирге келген сәттің видеосы Моңғолия бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Мәліметке сәйкес, Геннадий Головкинді аталған ұйымның басшысы арнайы шақырған.

Айта кетейік, Ұлан-Батырдағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен өтуде. Қазақстан бұл жарысқа 20 боксшы (ерлер және әйелдер құрамасынан 10-нан) жіберді.

Жарыс 10 сәуірге дейін жалғасады.

Геннадий Головкин — 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және кәсіпқой бокста орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.

Фото: ҰОК