Геннадий Головкин Бокс даңқы залына қабылдау рәсімінің басты қонағы болады
Қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылдау рәсімінің басты тұлғасы атанады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы беделді The Ring басылымы жазып отыр. Осы аптада АҚШ-та Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтеді. Басылымның мәліметінше, қазақстандық былғары қолғап шебері шараның басты қонағы әрі ең көп назар аударылатын тұлғасы болмақ.
Рәсім қарсаңында The Ring тілшілері Головкиннің кәсіпқой бокстағы жарқын жеңістерінің бірін еске алды. Осыдан жеті жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 2019 жылдың 9 маусымында Геннадий Головкин канадалық боксшы Стив Роллсты сол қолымен жасаған жойқын соққы арқылы нокаутқа түсірген еді.
«Дәл осы күні, 2019 жылы Геннадий Головкин Стив Роллсты сол қолымен бағыттаған қуатты соққының арқасында әсерлі нокаутпен жеңді. Ал алдағы демалыс күндері GGG 2026 жылғы Халықаралық бокс даңқы залының жаңа мүшелерін қабылдау рәсімінің басты тұлғасы болады», – деп жазды басылым.
Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіби мансабында орта салмақта әлем чемпионы атанып, бірнеше беделді титулды ұзақ жылдар бойы иеленді. Оның боксқа қосқан зор үлесі мен жарқын жетістіктері Халықаралық бокс даңқы залына енуіне негіз болды.
Фото: instagram/gggboxing
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған