457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Futures Cup турнирі: Қазақстандық он боксшы жартылай финалға шықты

Жартылай финалдық бәсекелер бүгін өтеді.

Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жастар арасында Futures Cup турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz

Турнир аясында он отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды.

Атап айтқанда, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) жартылай финалға өтті.

Әйелдер арасында Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) жартылай финалда жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) жартылай финалда Калеб Стюарт Рейдті (АҚШ) жеңіп, финалға шықты.

Жартылай финалдық бәсекелер 14 наурызда өтеді.