457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Futures Cup турнирі: Қазақстан боксшылары үш алтын медаль иеленді

15 наурызда ақтық сынның күндізгі сессия өтті

Қазақстан құрамасы бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Futures Cup турнирінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz

15 наурызда ақтық сынның күндізгі сессия өтті. Нәтижесінде отандастарымыз үш алтын, бір күміс медальға ие болды.

Досжан Жұмақан 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Сива Чайнаронгтан басым түсті.

Хамза Мақсатұлы 75 келіге дейінгі салмақтың финалында Өзбекстан спортшысы Сухроб Рахматуллаевты айқын басымдықпен жеңді.

80 келіге дейінгі салмақта Айдана Айдана Убайдуллақызы финалда өзбекстандық Асалой Бахтиорованы мерзімінен бұрын жеңді.

90 келіге дейінгі салмақтың финалында сынға түскен Жалғас Утебеков өзбекстандық Асадбек Султанбоевке есе жіберді.

Айта кетейік, кешкі сессияда Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтастады.

Фото: ҰОК