457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Францияның екі дүркін күміс жүлдегері атанған боксшы қастандықпен қаза тапты

Париждің Дранси елдімекенінен 24 жастағы спортшының денесі мойын және кеуде аймағынан алған төрт оқ жарақатымен табылған.

Францияның екі мәрте вице-чемпионы атанған Исхак Беншакал Париж маңында оқ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды malimsports.kz.

La Parisien басылымының жазуынша, Париждің Дранси елдімекенінен 24 жастағы спортшының денесі мойын және кеуде аймағынан алған төрт оқ жарақатымен табылған. Қылмыс 26 қарашаға қараған түні болған.

Жасөспірім кезінде Беншакалға Нанси қаласындағы аймақтық спорт орталығында жаттығу және ұлттық құраманың қатарына қосылу ұсынылған, алайда ол бас тартқан. Кейін бұл шешіміне өкінбегенін айтқан.

2018 және 2019 жылдары әуесқойлар арасындағы Францияның вице-чемпионы атанған соң кәсіби боксқа ауысуды жоспарлағанымен, пандемия оның мансабына кедергі болды. Соңғы жекпе-жегін ол 2024 жылы өткізген.

Полиция мәліметінше, соңғы жылдары Беншакалдың заңмен мәселелері болған. Ол бопсалау ісі бойынша бір жарым жылға сотталған және жақын уақытта есірткі ісі бойынша сотқа тартылуы тиіс болған.

Фото: Ашық дереккөзден