457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Фарух Тоқтасынов Странджа турнирінің жартылай финалына шықты

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының боксшысы Фарух Тоқтасынов (70 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері ширек финалда Германияның жас өкілі Рэнди Ботикалимен қолғап түйістіріп, үш раунд бойы жоғары қарқын көрсетіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Тоқтасынов 2025 жылы осы турнирде күміс жүлде иеленген.

Сондай-ақ Даниал Сәбит (50 келі) ширек финалда Түркия спортшысы Улас Ялчинкаяны жеңді. Ал Бағлан Кенжебек (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келі) жарыс жолын аяқтады.

Кешкі сессияда Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Дәулет Төлемісов (90 келі), Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары), Бекзат Таңатар (85 келі) және Нұрмагамед Юсупов (90 келі) шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, биыл 77-рет ұйымдастырылып отырған Странджа кубогы – Еуропадағы ең байырғы халықаралық турнирлердің бірі. 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтетін жарысқа 36 елден 300-ден астам боксшы қатысуда. Қазақстан құрамасы Софияға 39 спортшыны аттандырған.

 

 

Фото: ҚБФ