457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Фабио Уордли Александр Усикке міндетті қарсылас атанды

Бұған дейін ағылшын боксшысы WBA ұйымының уақытша чемпионы болған.

Англиялық боксшы Фабио Уордли Лондонда өткен турнирде Жозеф Паркерді нокаутпен жеңіп, WBO ұйымының уақытша чемпионы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ауыр салмақтағы кездесу 12 раундқа жоспарланғанымен, 11-раундта Уордли қарсыласын басынан дәл соққымен есеңгіретіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша ол Паркердің уақытша WBO белбеуін тартып алды.

Бұған дейін ағылшын боксшысы WBA ұйымының уақытша чемпионы болған. Енді ол абсолютті әлем чемпионы Александр Усикке міндетті қарсылас болып бекітілді.

30 жастағы Уордлидің еншісінде 20 жеңіс бар, оның 19-ы - нокаутпен. Ал 33 жастағы Жозеф Паркердің алты жеңіс сериясы үзілді. Оның кәсіби көрсеткіші - 36 жеңіс (24 нокаут) және 4 жеңіліс.

Фото: Getty Images