АҚШ-тың беделді ESPN порталы XXI ғасырдың үздік 25 боксшысының рейтингін жариялады. Олардың қатарында Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, даңқты боксшы Геннадий Головкин де бар, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тізімнің көшін кіші Флойд Мейвезер бастады. Ал үздік үштіктен Мэнни Пакьяо мен Бернард Хопкинс орын алды. Геннадий Головкин рейтингте 11-орыннан көрінсе, оның басты қарсыласы Сауль «Канело» Альварес 5-сатыға жайғасқан.
ESPN нұсқасы бойынша XXI ғасырдың үздік 25 боксшысы
1. кіші Флойд Мейвезер (XXI ғасырдағы рекорды — 28-0).
2. Мэнни Пакьяо (35-6-3).
3. Бернард Хопкинс (19-6-1, 1 NC).
4. Александр Усик (23-0).
5. Сауль Альварес (63-2-2).
6. Андре Уорд (32-0).
7. Теренс Кроуфорд (41-0).
8. Хуан Мануэль Маркес (26-5-1).
9. Рой Джонс-младший (26-9).
10. Наоя Иноуэ (30-0).
11. Геннадий Головкин (42-2-1).
12. Джо Кальзаге (19-0).
13. Эрик Моралес (17-9).
14. Василий Ломаченко (18-3).
15. Оскар де ла Хойя (8-5).
16. Роман Гонсалес (52-4).
17. Тайсон Фьюри (34-2-1).
18. Мигель Котто (41-6).
19. Виталий Кличко (18-2).
20. Марко Антонио Баррера (18-5).
21. Кэти Тэйлор (25-1).
22. Владимир Кличко (33-4).
23. Кларесса Шилдс (17-0).
24. Винки Райт (12-3-1).
25. Тимоти Брэдли (33-2-1, 1 NC).